Жаңалықтар
Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 17 сәуір, 2023
- 244
Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңаөзендегі жарылыс болған үйдің толығымен қираған подъезінде неше адам болғаны әзірге белгісіз. Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында таңғы сағат бестер шамасында №2 мөлтекаудандағы екі подъезді, қосқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Қазір оның себептері анықталып жатыр. Бастапқыда апат себебі - газ баллоны деп берілген болатын. Қазір ол версиядан айныдық. Өйткені ол тұрғын үйде газ жүйесі жүргізілген. Сондықтан газ баллоны болмауы да мүмкін», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Сондай-ақ ол апаттан зардап шеккен адамдар туралы соңғы мәліметті айтты.
«Жарылыстан 3-4 үй зардап шекті. Опырылу салдарынан 4 адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет алып отырмыз. Сондай-ақ, 13 адам зардап шекті. 7 адам ауруханадан үйіне жіберілді және 3 адам ауруханада, екі адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқаны туралы мәлімет алдық», - деді ТЖМ өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзендегі апат кезінде қаза болғандар саны 4 адамға жеткенін жазған едік.
Кейін облыс прокуратурасы Жаңаөзендегі жарылыстың себебін айтты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала