Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында жаза арқалап жүрмеңіз: ІІМ халыққа үн қатты

Жаңа жыл қарсаңында жаза арқалап жүрмеңіз: ІІМ халыққа үн қатты

Жаңа жыл қарсаңында полиция республика бойынша "Шырша" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Ол қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, тасымалдау және өткізу деректерін анықтауға, сондай-ақ, жолын кесуге бағытталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда бес жүзге жуық мобильді топ базарлар мен басқа да жерлерде рейдтер жүргізіп жатыр. Мәселен, Алматы облысында полиция қызметкерлері көлемі 3,5 текше метр болатын ағаштарды тасымалдау дерегін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру), күдікті ұсталған.