Жаңа жылдан бастап зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді
Бұл туралы Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мәлімдеді
Көкшетауда жаңа жылдан бастап зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық мәслихаттың мәліметіне сүйенсек, өңірде алғаш рет зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жол жүруге қаражат жоспарланған. Сондай-ақ зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеуге 3 млрд теңге қаражат қарастырылған.
Ал биылғы санақ бойынша, 1 қазанда Көкшетауда 60 жастан асқан қарттар саны 31 644 адам болды.