жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа жылдық іс-шараны қосымша шығынсыз өткізуге болады - министр Ғани Бейсембаев

Жаңа жылдық іс-шараны қосымша шығынсыз өткізуге болады - министр Ғани Бейсембаев
Фото; Үкімет баспасөз қызметі
Мектепте ақша жинауға тыйым салынды

Үкіметтің баспасөз орталығында министрге «жаңа жылдық іс-шараларды мектептен тыс жерде өткізіп, мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Мектептерде ақша жинауға болмайды. Бұған министрлік бұйрығымен тыйым салынған. Мектептерде ақша жиналмауға тиіс. Тіпті, мектеп бітіру кеші болсын, оның ішінде жаңа жылдық іс-шара да бар. Кез-келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Әсіресе, кез-келген іс-шара мемлекеттік бағдарлама («Бір тұтас тәрбие») аясында жоспарланған. Онда мұғалімдерге сыйлық қарастырылған. Әрине, берілген рұқсат аясында. Бірақ менің білуімше, мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді,» – деді министр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар