Жаңалықтар

ЖАҢАТАСТА АЗАТТЫҚ, САУРАН, ҮШҚАРА, АҚСУ КӨШЕЛЕРІ ПАЙДА БОЛМАҚ

ЖАҢАТАСТА АЗАТТЫҚ, САУРАН, ҮШҚАРА, АҚСУ КӨШЕЛЕРІ ПАЙДА БОЛМАҚ

«АШЫҚ НҚА» порталында Жаңатас қаласындағы бірқатар көшелердің атауларын өзгерту туралы қаулының жобасы қоғамдық талқылауға  ұсынылды.

«Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8  желтоқсандағы  Заңының 12-бабының 5-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарысу аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Жаңатас қаласындағы «Строитель 1 көшесі – Ақтүбек», «Строитель 2 көшесі – Байтақ», «Строитель 3 көшесі – Бөген», «Строитель 4 көшесі – Дәстүр», «Строитель 5 көшесі – Сауран», «Садовая көшесі – Достық», «Заречная көшесі – Қазанат», «Фосфорит көшесі – Үшқара», «Солнечная көшесі – Шарын», «Набережная көшесі – Медеу», «Луговая көшесі – Ақсу», «Центральная көшесі – Дарабоз», «Цветочная көшесі – Азатық» болып өзгертілсін.

Өнеркәсіп орындары санының артуы арқасында бюджетке түсетін салық түсімдері де ұлғаюда. 9 айдың қорытындысымен бюджет кірісі 148%-ға артты. Салық түсімдерінің артуына байланысты, Жаңатас қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда.Биылғы жыл ішінде қала аумағында 517,2 млн. теңгеге 20 бюджеттік жоба іске асырылады. Ең алдымен, ағымдағы жылы Дегерес елді мекенінде 138 млн. теңгеге 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Сонымен қатар, 281 млн. теңгеге 4-ші және 5-ші шағын аудандардағы алқаптарға қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелері (су, кәріз, электр жүйесі) тартылуда. Нәтижесінде аталған бұл алқаптарда 100 жеке тұрғын үй салынатын болады. Тұрғындардың сұраныстары мен ұсыныстарының негізінде жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен 12 жобаға 84,2 млн. теңге қаржы бөлінді. (4,5 млн теңгеге қаладағы ойылған шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді. 9,5 млн теңгеге автомобиль жолдарына жасанды жол кедергілерін орнату, 3 кезеңді жолақтар сызу жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек, қазан айларында жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылады. 4,2 млн теңгеге қала паспортына баспалдақ пен қоршау орнатылды. 4,3 млн теңгеге 5А ш.а жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынды. 3 млн теңгеге қала ішіндегі 13 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 7,5 млн. теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларымен жертөлелеріне 2 кезеңді дезинсекциялау жұмыстары жүргізілді) Ауыл шаруашылығы саласы бойынша бүгінде қалада 22 шаруа қожалығы белсенді жұмыс істеуде. Бұл шаруа қожалықтары 61 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мал басы саны 485 басқа артты (мүйізді ірі қара 117 басқа, қой-ешкі 198 басқа, жылқы 25 басқа және құстар 145 басқа).