жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 7:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңатаста ірі жел электр станциясы іске қосылды

Жаңатаста ірі жел электр станциясы іске қосылды
ашық дереккөзі
Жаңатаста ірі жел электр станциясы іске қосылды
Сарысу ауданында ірі жел электр станциясы іске қосылды. Жаңатастағы жел электр станциясы – Орталық Азиядағы ең ірі жоба болып табылады. Оны салуға инвестор 150 млн доллар қаражат жұмсаған. Қуаты 100 мегабатты құрайтын қондырғылар оңтүстік аймақтарды қажет энергиямен қамтуға ықпал етпек. Алмас Чукин, Visor Kazakhstan инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі: – Оңтүстік өңірлерде энергия өндірудің жаңа генерациясын жасап шығарудың тиімділігі орасан. Себебі Жамбыл облысы мен Шымкенттегі елді мекендерде қуат көздерінің тапшылығы байқалады. Олар толықтай бұл жерден электр қуатын тартуға тәуелді, өйткені бұған дейін аймақта ірі өндіріс орны болмаған. Яғни, біз аталған аудандарда электр қуатының жетіспеу мәселесін шешуге қадам жасап отырмыз. Бұған дейін аймақ халқын жарықпен қамту үшін 2 мың шақырым жерден желі тартылып келді. Мамандар мұның тиімсіз екендігін алға тартты. Жылына 350 миллион киловатт сағат электр энергиясын өндіруге қауқарлы жаңа станцияның арқасында мәселе түбегейлі шешілмек. Сабақты ине сәтімен болса, шамамен 1 млн астам тұрғын игілігін көреді. Го Цян, «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС Бас директоры: – Жаңатас жел электр станциясы – SPIC корпорациясының «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында іске асырған ауқымды жобасы. Яғни бұл Қазақстан мен Қытайдың осы саладағы жемісті жұмысының көрінісі. Біз бұдан кейін де электр қуатын өндіру бойынша Қытайдағы ең озық технологиялармен бөлісуді жалғастыра береміз. Қазақстан Үкіметімен бірлесіп, әр қаланы табиғи көздерден өндірілген энергиямен қамтуға ниеттіміз. Станцияның құрылысына Қытайдағы озық технологиялар қолданылды. Сондықтан мамандар сапа жағынан алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Жобаның жылуэлектр станциясынан артықшылығы, жылына 109 мың тоннадан астам көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоршаған ортаға бөлінетін күкірт диоксиді мен көмірқышқыл газы сынды зиянды заттардың көлемі айтарлықтай қысқарады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар