Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды jambylinfo.kz Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап. Болжамға сәйкс, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтіледі. Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі.