Жаңалықтар
"Жағдайы ауыр": Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті
- авторjambylinfo.kz
- 15 наурыз, 2023
- 292
"Жағдайы ауыр": Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті
Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр. "Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда. Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған", – де жазды Ағабек Қонарбайұлы. ҚМДБ өкілі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет берілетінін атап өтті.
Дереккөз: https://kaz.nur.kz/accidents/2013016-zagdaiy-auyr-astanada-mesit-qyzmetkerin-pysaqtap-ketti/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024