Жақсылық дәрігерлік амбулаториясы ашылды
Бүгін Т. Рысқұлов ауданында “Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Жақсылық дәрігерлік амбулаториясы ашылды. 2020 жылдан бастап фельдшерлік-акушерлік пункт мәртебесінен дәрігерлік амбулаторияға ауыстырылған ғимарат 15 келушіге арналған. Елді мекендегі денсаулық ордасының ашылуына аудан әкімі Е. Есіркепов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы міндетін атқарушы Х. Мурзақасымов , аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қ. Бижанов және ауыл ардагерлері қатысты. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер - "Тұлпар строй сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі , сметалық құны 108 млн.
Тіркелген тұрғындар саны - 1740.
Дәрігерлік амбулаторияда - 11 адам жұмыс істейді: 1 жалпы тәжірибелі дәрігер - жас маман, 3 аймақтық мейірбике, акушерка, ем қабылдау және егу мейірбикесі, әлеуметтік маман, зертхпнпшы кіші бике жұмыс істейді .
Амбулаторияда бастапқы медициналвқ- санитариялық көмек , дәрігерлік қабылдау акушерлік қабылдау скринингті тексеру, екпе егу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 2 төсекке күндізгі ауру стационары қарастырылған. Лабораторияда жалпы қан, зәр , қақ талдауы, микрореакция жасалады.
Аудан тұрғындарына 35 денсаулық сақтау нысаны 1 аудандық аурухана 1 аудандық емхана , 1 ауылдық емхана, 14 дәрігерлік амбулатория , 5 фельдшерлік'акушерлік пункт , 13 медпункт үздіксіз қызмет етеді.
Заманауи үлгіде жабдықталған жаңа ашылған нысанды тұрғындармен бірге аралап көрген басшылар ауыл тұрғындарына игіліктеріне пайдалануына тілектестік білдірді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
2023 жылы Рамазан айы 23 наурызда басталады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тарихи рекордқа жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2025