Жаңалықтар

Жақында отау құратын Құрбанов Тоқаевпен кездесуге неге келмеді

Оның себебі белгілі болды

Париж ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Олимпиада жүлдегерлерінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуіне келген жоқ. Спортшының маңызы кездесуге келмеуіне сырқаттып қалуы себеп болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты. 

"Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде өткен 33-Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға мемлекеттік наградаларды табыс етті, өкінішке қарай, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов сырқатына байланысты салтанатты шараға қатыса алмады. Оның тезірек сауығып, жаңа спорттық жетістіктерге жетуіне тілектеспіз", - деді Берік Уәли.

Бұған дейін мәлім болғандай, Олимпиаданың үш жүлдегері мен екі бапкерден COVID -19  анықталған.