дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жақында үйде боламыз": Головкин футболдан ұлттық құраманы қолдау үшін Астанаға келеді

"Жақында үйде боламыз": Головкин футболдан ұлттық құраманы қолдау үшін Астанаға келеді
ашық дереккөзі
"Жақында үйде боламыз": Головкин футболдан ұлттық құраманы қолдау үшін Астанаға келеді
Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчында ел құрамасына жанкүйер болу үшін Астанаға келе жатыр, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», - деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында. Айта кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де. Кеше «Астана-Аренада» Қазақстан Финляндиямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар