дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 5:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жақында әйелі қайтыс болған»: Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлады

«Жақында әйелі қайтыс болған»: Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлады
Сурет: әлеуметтік желіден
Жалғызбасты әке кәмелет жасқа толмаған екі баланы тәрбиелеп отыр

Қара бетперде таққан жомарт жігіт жақында әйелі рактан қайтыс болған жалғызбасты әкеге үй сыйлап, қомақты ақша беріп, барлық қарызын жауып берген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тұрысбек — екі баласы бар жалғызбасты әке. Ол - lll топ мүгедегі. Қоқыс жинап күн көреді екен. Ал мектепте оқитын екі ұлы тігін шеберханасында түрлі жұмыстар істеп, азын-аулақ ақша табатын көрінеді. 
Ер адам балаларымен пәтерді жалға алып тұрады. 

"Жақында әйелім рактан көз жұмды. Дәрігерлер жарымның екі төсін алып тастады. Ота жасалды. Мен қарызға белшемнен баттым. Амал нешік, жұбайымды ажалдан арашалай алмадым. Мен оны қатты жақсы көрдім",- деді ол. 

Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге бір бума ақшаны ұстатты. Бұл өзінің  еміне деп берілген қаражат еді. Сонымен бірге ол жалғызбасты мүгедек әкеге су жаңа пәтердің кілтін табыстады. Мұндай тосынсыйды күтпеген ер адам солқылдап жылап жіберді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар