Жаңалықтар

«Жақында әйелі қайтыс болған»: Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлады

Жалғызбасты әке кәмелет жасқа толмаған екі баланы тәрбиелеп отыр

Қара бетперде таққан жомарт жігіт жақында әйелі рактан қайтыс болған жалғызбасты әкеге үй сыйлап, қомақты ақша беріп, барлық қарызын жауып берген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тұрысбек — екі баласы бар жалғызбасты әке. Ол - lll топ мүгедегі. Қоқыс жинап күн көреді екен. Ал мектепте оқитын екі ұлы тігін шеберханасында түрлі жұмыстар істеп, азын-аулақ ақша табатын көрінеді. 
Ер адам балаларымен пәтерді жалға алып тұрады. 

Қара бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкеге бір бума ақшаны ұстатты. Бұл өзінің  еміне деп берілген қаражат еді. Сонымен бірге ол жалғызбасты мүгедек әкеге су жаңа пәтердің кілтін табыстады. Мұндай тосынсыйды күтпеген ер адам солқылдап жылап жіберді.