Жаңалықтар

Жалақыға үстемеақы қосылады: Үкімет ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті

Жалақыға үстемеақы қосылады: Үкімет ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті

Премьер-Министр тиісті қаулыға қол қойды. Құжатта ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Ауылда өз қызметкерлеріне үй салып берген жұмыс берушілердің шығындары жалпы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде субсидияланады. Еңбек тапшылығы бар өңірлердің шекаралас ауылдық округтер тұрғындарының жалақысына үстемеақы қосу мүмкіндігі қаралады. Жобаны іске асыру нәтижесінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесі 5,8%-ға дейін, ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 4,2%-ға дейін төмендейді деп күтіледі.