жексенбі, 6 қазан, 2024 3:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жалақы төмен, баспанамен қамтылмаған: құтқарушылардың әлеуметтік мәселелері қалай шешіледі?

Жалақы төмен, баспанамен қамтылмаған: құтқарушылардың әлеуметтік мәселелері қалай шешіледі?
ашық дереккөзі
Жалақы төмен, баспанамен қамтылмаған: құтқарушылардың әлеуметтік мәселелері қалай шешіледі?
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов құтқарушылардың әлеуметтік мәселелері ушығып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың жеткіліксіздігі, оның ішінде жалақының төмендігі, тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тетігінің болмауы, сауатты да кәсіби мамандардың жұмысқа келмеуі мен тұрақтамауының негізгі себебі болып отыр, - деді министр. Оның сөзінше, осы мәселелерді шешу мақсатында заңға өзгеріс енгізіледі. Заң жобасында құтқарушылардың мәртебесін арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды жақсарту тапсырмасын орындау мақсатында: - мамандарды қызмет бабында ауыстыру және ілгерілету кезінде көтерме жәрдемақы, жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайлардағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуді; - бюджет қаражаты есебінен қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен қызметкерлерге шипажайлық-курорттық емдеуді; - арнайы атақтар берілмеген құтқарушыларға еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеуді; - арнаулы атақтары бар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру ұсынылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар