дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жалақымның 30 пайызын қысқартты - шағымданушы

«Жалақымның 30 пайызын қысқартты - шағымданушы
jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ” көшпелі кеңес беру алаңы ұйымдастырылып, онда 15 тен аса саланың мамандары тұрғындарға кеңес берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұйымдастыруышылардың сөзінше, мұндай шара облыста бірінші рет өтіп отыр. Алдағы уақытта кеңес беру алаңы бүт облысты қамтиды. Әр ауданға арнайы барып, шалғайда жатқан жұрттың мәселесінің шешілуіне ат салысады.

  • Қазір бұл кеңес алаңы Жамбыл ауданында бірінші өтіп отыр. Енді басқа аудандарда да жалғасады. Егер шағымданушылар көп болып, қажеттілік болса, қайталап та барамыз. Бұл шарада облыстағы әртүрлі саланың мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері, заңгерлер кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров.

Кеңес беру алаңында тұрғындар жұмыссыздық, кәсіпкерлік, несие мәселелері бойынша қайырылды. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандар да базынасын арқалап алаңға жетті. Шағымданушылардың бірі - Әскеркүл Маиырайымова. Ол өткен жылы құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген аудит тексерісінен кейін жалақысы қысқарғанынна наразы. Тұрғынның мәселесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров қарап, шағымын қанағаттандырды.

  • Мен өзім аудандық білім бөлімінде есепші болып жұмыс істеймін. Өткен жылы осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінен тексеріс жасап, айлығымыздың 30 пайызын қысқартып тастаған. Бар-жоғы 100 мыңнан сәл асатын еді. Енді 80 мың болып қалды айлығым. Жаңа жылда қайта қосылады деп еді. Бірақ, әлі сол сәтті күтіп жүрміз. Осы мәселе бюойынша келген едім. Оң нәтиже ала алдым. Дәурен Омаров басқармаға хабарласып, мәселемді шешті. Жақын арада айлыққа қосылатынын айтты,- деді Әскеркүл Маиырайымова.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар