дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында 17 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда

Жамбыл ауданында 17 бюджеттік инвестициялық жоба  іске асырылуда
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданында 17 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда
Жамбыл ауданында жалпы құны 4,2 млрд. теңгеге  17 бюджеттік инвестициялық жоба  іске асырылуда (Айшабибі, Шоқай ауыл. мектеп құрылысы, Бесағаш, Түрксіб, Қаракемер  3 елді мекеннің ауыз су құбыры, Аса ауыл. кәріз жүйесін қалпына келтіру, 13 елді мекенге магистральды газ құбырын тарту, 3 елді мекенге учаскелік полиция пункті ғимаратын  салу, 5 елді мекенге спорт кешені құрылысын жүргізу). Бұдан бөлек, 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгеге 11 жобаның құжаттары қаржыландыруға дайын. Атап айтар болсақ, Шоқай ауыл. мектептің құрылысын аяқтағанға қосымша қаржы, 4 тұрғын үй құрылысын жүргізу (5 қабатты – жалпы 320 пәтер), осы тұрғын үйдің сыртқы инжинерлік желісін тарту, Аса ауыл. темір жол өткелі құрылысын жүргізу, Қызылқайнар ауыл. 180 орындық клуб құрылысы, Аса ауыл. мұражай құрылысы, Бесағаш ауыл. спорт кешені құрылысы, Аса ауыл. қаңғыбас иттерге арналған орын жай,  Аса ауыл. жаңа тұрғын үй массивіне электр жарығы мен қиыршық тас төсемін төсегенге және Айша бибі ауыл. жаңа тұрғын үй массивіне қиыршық тас төсемін төсегенге). 2023-2025 жылдары іске асыруға 15 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде (4 елді мекенді ауыз сумен қамту жобасы, Аса ауыл. 5 қабатты 2 тұрғын үй (160 пәтер), 4 елді мекеннің жаңа тұрғын үй массивін инфрақұрылыммен қамту, 1 спорт кешені құрылысы,   2 округтің әкімшілік ғимараты құрылысы, 1 елді мекеннен клуб құрылысы, 3 елді мекенге магистралды және ауыл ішілік газ құбырын тарту жобасы, гродиково шекара заставасы ғимараты қазандығын газға ауыстыру жобасы, 3 темір жол станциясы аумағындағы елді мекенді электр жарығымен қамту (аудандық РЭС-ке ауыстыру), Тоғызтарау ауыл. Аса өзенінің арнасына шлюз орнату жобасы).
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар