дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында 32 жоба іске асырылады

Жамбыл ауданында 32 жоба іске асырылады
ашық дереккөз
Жамбыл ауданында 32 жоба іске асырылып, биылғы жылы жалпы 32 жоба іске асырылып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы басталмақ. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

– Биылғы жылы аудан көлемінде 8,2 миллиард теңгеге 32 жоба іске асырылмақ. Оның ішінде теміржол станцияларының аумағында орналасқан ауылдардағы үйлерді электр жарығымен жабдықтау, әкімшілік ғимарат, мектеп пен медициналық пункт, спорт кешенін салу, елді мекендердегі су жүйелерін жабдықтау жұмыстары бар. Сонымен қатар, аймақта біршама жылдар бойы шешімін таппаған аудандық орталық кітапхана ғимараты мен аудандық мұражай және архив мекемелерінің құрылысы қолға алынбақ, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Оның сөзінше, орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу, ерекше жандарға арналған орталық ұйымдастыру жұмыстары да қарастырылған.

– Орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 1,2 миллиард теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, арнайы сараптамаға жіберілді. Сараптама оң нәтижеге ие болған жағдайда ре спубликалық және облыстық бюджет тарапынан нысанға қажетті қаражат сұралып, құрылыс жұмыстары атқарылады. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, ауданда медициналық сала және педагогикалық бағыт бойынша ерекше жандар оқытылады. Олардың біріне жаңа ғимарат салуға жер телімі белгіленіп, екіншісі бойынша аудан орталығынан бос ғимарат ұсынылды, – деді аудан әкімі.  

Айта кету керек, Мемлекет басшысы ауыл мен аудандарды жан-жақты дамытуды тапсырған еді.

«Алдымызда тұрған аса маңызды міндет бұл – ауылды жан-жақты дамыту. Себебі, ауылды дамыту – түптеп келгенде, бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз. Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді. Соның арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бизнесті дамытуға арналған бірыңғай кешенді бағдарлама қолға алынады. Болашағы бар шағын және орта бизнеске басымдық беріледі. Яғни мемлекет өндірістік қабілеті жоғары және экспортқа өнім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді", - деген еді Президент.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар