жексенбі, 6 қазан, 2024 11:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында 80 жыл күткен көше асфальттануда

Жамбыл ауданында 80 жыл күткен көше асфальттануда
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданында 80 жыл күткен көше асфальттануда
Бұл көшенің жөндеуден өтуін ауылдықтар 80 жыл күткен еді. Бәйтерек ауылы елді мекен болып аталғалы Сүйінбай көшесіне мүлде асфальт төселмеген болатын. Күз, қыс айында батпаққа, жаз айында шаңы көтерілетін көшедегі бұл көрініс бүгіннен бастап өткеннің еншісінде болмақ. Бұл жұмыстар жыл басында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Қаратөбе ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен өткізген есептік кездесуінде айтылған болатын. «Сөзден-іске» келер болсақ, Бәйтерек ауылындағы Сүйінбай көшесіне аудандық бюджеттен 26 млн теңге қаралып, ұзындығы 1595 метрді құрайтын көшеге, «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде. Ауылдағы игілікке өнер майталманы, ауыл тумасы Берік Қалиев өз бағасын берді. — Тұрғындардың өтініші ол бүткүл ауылдың аманаты екені белгілі. Міне, бүгінде сөз бен істің үйлесім табуының шынайы көрінісіне куә болып отырмыз. Бала болып өмірге келгелі асфальт көрмеген Сүйінбай көшесі тақтайдай тегістеліп жатыр. Ауылдықтардың талап-тілегін ескерген аудан басшысына алғысымызды білдіреміз. Жұмыстың талапқа сай жасалуын қадағалап жүрген ауыл әкімі Ғамзат Мейрамбекұлына да ризашылығымыз шексіз, — дейді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар