Жаңалықтар

Жамбыл ауданында “Отбасы банк” бөлімшесі ашылды

The final spritzer

Әр азамат үшін баспаналы болу – әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды көрсеткіші. Алайда, тұрғындардың барлығы бірдей пәтерді қолма-қол сатып алуға мүмкіндікке ие емес.

Бұл мәселені шешуде еліміздегі көптеген отбасыға баспана алуға көмектескен “Отбасы банк” АҚ маңызды рөл атқарып келеді. Енді Жамбыл ауданының тұрғындары ипотекалық несие рәсімдеу үшін Таразға бармай-ақ, өз ауданында қажетті қызметті ала алады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аудандық Жастар ресурстық орталығында “Отбасы банк” бөлімшесі ашылып, оның салтанатты ашылуына аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысты.

Айта кетейік, банк арқылы баспана алуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарлама қарастырылған. Қолма-қол төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, азаматтар ипотекалық несие рәсімдеп, үйді бірнеше жыл ішінде бөліп төлеу арқылы сатып ала алады.