ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ШАТЫР ҚҰЛАП 1 ӘЙЕЛ ЗАРДАП ШЕКТІ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ШАТЫР ҚҰЛАП 1 ӘЙЕЛ ЗАРДАП ШЕКТІ
Жамбыл ауданыда сағат 11:11-де Аса ауылы, Абай 121а көшесінде, қатты желдің әсерінен (28 м/с дейін екпіні) «Қазпочта» АҚ ғимаратының металл шатыры құлады. Жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрайды. Оқиға болған жерге Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ аудан әкімдігінің жедел әрекет ету жасағы шұғыл түрде оқиға орнына жөнелтілді. Салдарынан 1964 жылғы әйел азаматы зардап шеккен. Жағдайы әзірге белгісіз.