Жаңалықтар
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N59- мекемесінде ойын терапиясы бойынша сабақ өтті
- авторjambylinfo.kz
- 9 ақпан, 2023
- 343
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N59- мекемесінде ойын терапиясы бойынша сабақ өтті
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологиялық қызметін жетілдіру және сотталғандарды психологиялық қамтамасыз етуді күшейту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің психологиялық қызмет тобының бас маманы әділет подполковнигі Л. В. Игнатенко әзірлеген іс-шаралар жоспарының 38-тармағын орындау мақсатында, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №59- мекемесінде сотталғандармен ойын терапиясы: «Мафия» детектив сюжеті бар командалық психологиялық рөлдік ойын, «Монополия» экономикалық стратегиялық үстел ойыны және қозғалысты, мимиканы бейнелейтін «Қолтырауын» қимылдары сөздік ойыны бойынша сабақ өткізді.
Ойын терапиясы - бұл ойын арқылы ересектерге әсер етудің психотерапиялық әдісі болып табылатын Арт-терапияның бір түрі. Ойын қатысушылар арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, шиеленісті, алаңдаушылықты және басқалардан қорқуды жеңілдетеді, өзін-өзі бағалауды арттырады, ойлауды, логиканы, коммуникативті дағдыларды дамытады, есте сақтау, шыдамдылық пен табандылыққа тәрбиелейді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз