Жаңалықтар

Жамбыл облысы полиция департаментіне жаңа басшы келді

Бұл лауазымға Бақытжан Малыбаев тағайындалды

Жамбыл облысының полициясында бірқатар кадрлық тағайындау болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Облыстық полиция департаментінің басшысы болып Бақытжан Малыбаев тағайындалды. Ол бұрын көліктегі полиция департаментін басқарған. ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды.

 Ведомство ақпаратынша, Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.

Айта кетейік, Жамбыл полиция департаментін бұған дейін басқарған Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылған болатын.