Қасапханаларды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған имамдар бақылауда ұстап, құрбандыққа шалынған малдың етін көмек алуға тіркелген отбасыларға таратып беруде. Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тіркеу qurban2023.kz сайты бойынша жүргізілген болатын. Нәтижесінде, бүгін Жамбыл облысы бойынша 23 495 отбасы еттей көмек алып үлгерді. Ет ерікті жастардың көмегімен тиісті мекенжайларға жеткізіліп берілді.