Жаңалықтар

Жамбыл облысы құрылғанына – 85 жыл

14 қазан облыстың құрылған күні

Осыдан 85 жыл бұрын Жамбыл облысы құрылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жер аумағы 144,3 мың шаршы метрді алып жатқан Жамбыл облысының көптеген аудандары ілгеріде Оңтүстік Қазақстанның құрамында болғанын біреу білсе, біреу білмес. Красногор, Қордай және Шу аудандары болса Алматы облысыныкі еді. Бертін келе, 1939 жылы қазан айында біздің өңір жеке облыс болып құрылды.

Кезінде Әулиеата аталған бұл аймақ 1934 жылдың 14 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан бөлінген аудандардан құрылған болатын. Бұл шешім өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында қабылданды.

Облыстың қазіргі әкімшілік орталығы – Тараз қаласы. Ол түсті металдарға, баритке, көмірге, қаптайтын, төсейтін және техникалық мақсаттағы тастарға, құрылыс материалдарына бай. Жамбылда қазақ және орыс драма театрлары, филармония, 5 мұрағат, кітапханалар, клубтар мен мәдениет үйлері бар.