сенбі, 23 қараша, 2024 6:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы салық кірісінен 113 млрд.теңгеден асатын табыс түсірді

Жамбыл облысы салық кірісінен 113 млрд.теңгеден асатын табыс түсірді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы салық кірісінен 113 млрд.теңгеден асатын табыс түсірді
  Былтыр Жамбыл облысы салық кірістерінен 113 млрд.теңгеден асатын қаржы түсірді. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Caғитов айтты. Спикердің айтуынша, 113 млрд. теңгеден асатын қаржы бұл республика және облыс бюджеттеріне түскен жалпы қаржы. Оның ішінде облысқа тоқталар болсақ, кіріс қаржы 79 млрд. 417 млн теңгеден асады. Бұл белгіленген жоспардан 6 жарым млрд. теңгеге артық орындалды дейді. Пайыздық көрсеткішпен жергілікті бюджет кірістерінің орындалуы 109,1 %. Ал республика бюджетіне 33 млрд. 837 млн. теңгеден аса қаржы түскен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3 млрд. теңгеден асатын артық түсім. Былтыр барлығы 2180 салықтық және кедендік тексерулер жүргізілген. Нәтижелері бойынша бюджетке қосымша 3 млрд.600 млн теңгеден астам қаржы түсіпті. "Тексерулер нәтижесінде, жалпы алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы 115 186,93 литр болды. Темекі өнімдерінің заңсыз айналымы 1 537 073 қорапты құрады. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша барлығы 5 факті бойынша 7,4 тоннаны құрады", - деді Е. Сағитов. Брифингте облыс бойынша пәтерлерді жалға беру қызметін көрсетумен айналысатындар жайлы да айтылды. Бұл бағыттағы жеке кәсіпкер ретінде 1 790 салық төлеуші тіркелген. Ал жолаушыларды, жүктерді (такси) тасымалдау бойынша қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде 2037 салық төлеуші тіркелген. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша, жыл басынан бері 437 жеке тұлға жолаушылар мен такси тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар