Жаңалықтар

Жамбыл облысы, Шу ауданында баспанасы өртенген композиторға ауылдастары көмектесіп, үйін жөндеп берді

Асар жасауға 10 адамнан тұратын комиссия құрылған

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Серік Әденовтың үйі 27 қаңтар көні өртке оранған. Оқиға орын алған күні дер кезінде шешім қабылдаған ауыл тұрғындары асар жасап,  небары 1  айдың ішінде өнер иесінің үйін қалпына келтіріп берген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көктөбе ауылдық қоғамдық кеңестің хатшысы Данияр Жұмабековтың айтуынша, өрт 27 қаңтар күні электр желісініңтұйықталуынан шыққан. Оқиға орын алған аумаққа жиылған көпшілік дәл сол күні «Асар» комиссиясын құрып, іс басындағы құрылыс пен қаржыға жауапты тұлғаларды сайлаған. 1 айға созылған жұмыс кезінде күн сайын 10-ға тарта адам жұмылдырылған. Жалпы үй ішін жаңғыртуға 3 миллионнан аса қаржы жиналған. 


Данияр Жұмабековтың сөзінше, мұндай жағдайлар ауылда бұған дейін де болған. Ел бірлігінің арқасында бәрін еңсеріп келеміз дейді ауыл тұрғыны.