Жамбыл облысы су тасқыны мерзіміне дайын ба?
Жамбыл облысы су тасқыны мерзіміне дайын ба?
Облыс аумағында су тасқыны жағдайы қалай? Апатты жағдайдың алдын алу мақсатында нендей жұмыстар атқарылуда? Осы және өзге де сауалдарға ТЖД мамандары жауап берді. Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Талас, Шу және Аса өзендері арқалы өтеді, сонымен қатар таулы аймақтарда орналасқан 5 ауданның (Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Қордай, Талас) Қарақоңыз, Ырғайты, Аспара, Мерке, Қарақыстақ, Қайыңды, Ақсай және Көксай) өзендерінде еріген қар суларымен айқындалады. Ауа-температурасының тез жоғарлауы кезінде облыстың барлық аудандарында биік бөктерден интенсивті су ағыны болуы мүмкін. Сондай-ақ, ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі Талғат Шакенұлы су тасқыны салдарынан болуы мүмкін төтенше жағдайлардың шығынын төмендету мақсатында «2021 жылғы көктемгі су тасқыны мерзімін өткізу және дайындық іс-шараларының» жоспары әзірленіп, бекітілгендігін тілге тиек етті. Аталған жоспардың негізінде, жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны мерзімінде судың апатсыз өтуін алдын алу шаралары жүргізілуде. Су тасқынын алдын алу шараларын жүргізу кезінде 1207 шақырым дренажды канал және арық жүйелері қоқыстан тазартылған. Сондай-ақ, облыста жеткілікті 138 мың тонна жанар-жағармай және 11 мың тонна инертті материалдардың қоры құрылған. Көшірлген халықты уақытша орналастыру үшін 41 қабылдау бекеті әр түрлі 139 палатка, жатын жабтықтарымен 1900 төсек дайындалған. Дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін 56 денсаулық сақтау нысандары және дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті деп сендірді төтеншеліктер.