Жаңалықтар
Жамбыл облысы тұрғындарына орманға баруға тыйым салынады
- авторjambylinfo.kz
- 19 қаңтар, 2023
- 550
Жамбыл облысы тұрғындарына орманға баруға тыйым салынады
Жамбыл облысының тұрғындарына жаз айларында орманға баруға тыйым салынбақ. Мұндай шешім орманды алқапты өрттен сақтау үшін қабылданып отыр деп хабарлайды Жамбылинфо Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Аймақтағы орман қорының көлемі – 4 миллион 443 мың гектар. Оның 90 пайызға – жуығы құмды аймақтағы көшкіннен қорғайтын сексеуіл мен жүзген ағашы. Мамандардың сөзінше, осыдан 4-5 жыл бұрын Жамбыл облысы өрман өрті бойынша республикада алдыңғы қатарда болған. Ал былтыр 2 жағдай ғана тіркелді. Өйткені соңғы жылдары қауіпсіздік шаралары күшейіп, жаза қатаңдады. Сондықтан енді жыл сайын шілде айының басынан қыркүйек айының соңына дейін мемлекеттік орман қоры аумағына жеке азаматтардың кіруіне тыйым салынады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тоқаев мәжілісті таратты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024