Жаңалықтар

Жамбыл облысы тұрғындарына орманға баруға тыйым салынады

Жамбыл облысы тұрғындарына орманға баруға тыйым салынады

Жамбыл облысының тұрғындарына жаз айларында орманға баруға тыйым салынбақ. Мұндай шешім орманды алқапты өрттен сақтау үшін қабылданып отыр деп хабарлайды Жамбылинфо Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап. Аймақтағы орман қорының көлемі – 4 миллион 443 мың гектар. Оның 90 пайызға – жуығы құмды аймақтағы көшкіннен қорғайтын сексеуіл мен жүзген ағашы. Мамандардың сөзінше, осыдан 4-5 жыл бұрын Жамбыл облысы өрман өрті бойынша республикада алдыңғы қатарда болған. Ал былтыр 2 жағдай ғана тіркелді. Өйткені соңғы жылдары қауіпсіздік шаралары күшейіп, жаза қатаңдады. Сондықтан енді жыл сайын шілде айының басынан қыркүйек айының соңына дейін мемлекеттік орман қоры аумағына жеке азаматтардың кіруіне тыйым салынады.