сейсенбі, 1 сәуір, 2025 17:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысына үкіметтік жұмыс тобы жіберілді

Жамбыл облысына үкіметтік жұмыс тобы жіберілді
Фото: pixabay.com
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында болған жер сілкінісінің салдарын жою мақсатында Үкіметтің арнайы жұмыс тобы өңірге аттанды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған бұл топ жергілікті атқарушы органдарға жағдайды талдау, жедел шаралар қабылдау және келтірілген шығынды анықтау бойынша көмек көрсететін болады.

Жұмыс тобының құрамында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ филиалының басшылығы мен Үкімет аппаратының өкілдері бар.

Премьер-Министр Олжас Бектенов бірінші кезекте әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, жол инфрақұрылымы мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ нысандарды тексеру, шығындарды бағалау және қажетті деректерді жинау бойынша мобильді топтардың санын арттыру міндеттелді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар