Жамбыл облысында 105 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды
- авторjambylinfo.kz
- 31 қазан, 2024
- 361
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, профилактикалық іс-шараның мақсаты - құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды өндіру және халықты әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеуге шақыру, деп деп Jambylinfo.kz.
Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры бойынша көліктердің нөмірлерімен тексеруде. Егер жүргізуші осы тізімде табылса, көлік қарызы өтелгенге дейін айып тұрағына қойылады.
- Рейдтің бірінші күнінде өндірілген сома 14 миллион 950 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері борышкерлердің 678 мекенжайы бойынша аулаларын аралап шықты. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес мамандандырылған айып тұрағына 105 борышкердің автокөлігі қойылды, - деді Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Николай Сон.
Естеріңізге салсақ, әкімшілік айыппұлды жеті күн ішінде өтесеңіз, айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерінде төлеуге мүмкіндік бар.
Айыппұлдарды онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен egov.kz және qamqor.gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ олардың мобильдік қосымшалары арқылы тексеруге және төлеуге болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Нарықта доллар бағамы қандай
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024