Жаңалықтар

Жамбыл облысында 105 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды

Өңірде 23 қазан мен 3 қараша аралығында "Борышкер-2024" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, профилактикалық іс-шараның мақсаты - құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды өндіру және халықты әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеуге шақыру, деп деп Jambylinfo.kz.

Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры бойынша көліктердің нөмірлерімен тексеруде.  Егер жүргізуші осы тізімде табылса, көлік қарызы өтелгенге дейін айып тұрағына қойылады.

Естеріңізге салсақ, әкімшілік айыппұлды жеті күн ішінде өтесеңіз, айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерінде төлеуге мүмкіндік бар.

Айыппұлдарды онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен egov.kz және qamqor.gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ олардың мобильдік қосымшалары арқылы тексеруге және төлеуге болады.