сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 23:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 18 спорт кешені салынуда

Жамбыл облысында 18 спорт кешені салынуда
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 18 спорт кешені салынуда
Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 18 спорт кешенінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 12 спорт кешені қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Ал қалған 6 спорт кешені 2024 жылға өтпелі. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрғалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов баяндама жасап, салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, облыс спортшылары ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 396 медальға ие болған. Оның 141-і алтын болса, 126-сы күміс, 129-ы қола. Облыстағы 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшалары жоқ. Оның ішінде, 58 елді мекенде мүлдем спорт алаңшалары салынбаған. Жамбыл облысының барлық елді мекендеріне жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде, облыстағы 369 елді мекеннің 175 елді мекені спорт секцияларымен қамтылса, қалған 194 елді мекен спорт секцияларымен қамтамасыз етілмеген. Аймақ басшысы, аталған мәселелерді шешуге қатысты жоспар бойынша қала, аудан әкімдерінен жауаптар алды.
- 129 елді мекенге заманауи спорт алаңшасы керек десек, 58 елді мекенде мүлде мұндай нысандар жоқ. Ең алдымен осы түйткілді шешуге баса назар аударып, күш салуға тиіспіз. Балаларды барынша спорт үйірмелерімен қамту, спорт инспекторларының жұмысын күшейтуге ден қою, бұқаралық спортпен шұғылданатын облыс тұрғындарының көрсеткішін 50 пайызға жеткізу маңызды. Бұл ретте нақты нәтижеге жұмыс істеу керек. Сондай-ақ, алдағы ауқымды жарыстарға, оның ішінде   2024 жылы Парижде өтетін келесі Олимпиада ойындарына тиісті деңгейде дайындалу қажет,-деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Басқосу барысында ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаевтың есебі де тыңдалды.
- Өткен жылға бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді. Бекітілген жоспар бойынша эпизоотия және энзоотияға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар өз деңгейінде орындалды. Бруцеллезге тексеру үшін қан сынамасын алу бойынша 5 млн. 117 мың манипуляция жүргізілді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан 36 елді мекендегі 3,6 миллион шаршы метр аулалар мен қора жайлар, 138 мың шаршы метр буферлік аймақ және барлығы 432 мың бас ауыл шаруашылығы жануары залалсыздандырылды,-деген басқарма басшысы салада атқарлып жатқан өзге де жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Облыс әкімі ешқандай олқылыққа жол бермес үшін, барлық сақтық шаралары сапалы әрі уақытылы орындалу керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар,  қаңғыбас жануарларды аулау тиісті ережеге сәйкес жүзеге асуының маңыздылығын атап өтті.
- Қаңғыбас иттерді аулауда барлық талаптар сақталуы тиіс. Бұл тұрғыдағы жұмыстар үшін бюджеттен қажетті қаражат қаралған. Олардың қоғамға қауіптілігін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сондықтан тұрғындар да ортақ жауапкершілікті түсініп, өздерінің үйдегі иттерін бақылауда ұстап, олардың ретсіз көбеюуіне, күшіктерін кез келген ортаға тастап кетіп, иесіз қалдыруға жол бермеуі маңызды. Сонда ғана бүгінгі таңда өзекті болып отырған бұл мәселені шешуге, жабайы ит, мысықтардың қоғамға қауіптілігін азайтуға мүмкіндік туады,-дей келе Нұржан Нұржігітов осы орайда ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу керектігін жеткізді.
Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар