Жамбыл облысында 18 спорт кешені салынуда
Жамбыл облысында 18 спорт кешені салынуда
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов баяндама жасап, салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, облыс спортшылары ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 396 медальға ие болған. Оның 141-і алтын болса, 126-сы күміс, 129-ы қола. Облыстағы 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшалары жоқ. Оның ішінде, 58 елді мекенде мүлдем спорт алаңшалары салынбаған. Жамбыл облысының барлық елді мекендеріне жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде, облыстағы 369 елді мекеннің 175 елді мекені спорт секцияларымен қамтылса, қалған 194 елді мекен спорт секцияларымен қамтамасыз етілмеген. Аймақ басшысы, аталған мәселелерді шешуге қатысты жоспар бойынша қала, аудан әкімдерінен жауаптар алды.
Басқосу барысында ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаевтың есебі де тыңдалды.
Облыс әкімі ешқандай олқылыққа жол бермес үшін, барлық сақтық шаралары сапалы әрі уақытылы орындалу керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, қаңғыбас жануарларды аулау тиісті ережеге сәйкес жүзеге асуының маңыздылығын атап өтті.
Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.