Жаңалықтар

Жамбыл облысында 2 қап қару мен оқ-дәрілер табылды

Жамбыл облысында 2 қап қару мен оқ-дәрілер табылды

Тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтардың орнын анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен бір тәулікте 11 қару мен әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрондарды табылды, деп хабарлайды Жамбылинфо BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап

Мысалы, полицейлер Тараз қаласындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттардың бірінің жанынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған қойманы тапты. Екі қаптың ішінен 2-дана "Калашников" автоматы, 2-дана "ТОЗ" маркалы аңшылық карабині, "Сайга" маркалы мылтық, 2-дана ойық қару,  "Байкал" тегіс ұңғылы мылтығы, автоматтың оқжатары және әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрон тәркіленді. Табылған қарулардың барлығына сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.  Анонимділікке кепілдік беріледі. Дереккөз: http://baq.kz