Жамбыл облысында 2 бала суға батып кетті
Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті, деп хабарлады Jambylinfo.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 18:00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шыққан. Ересектердің қарауынсыз қалған балалардың ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ведомство өкілдері ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін үйретуге кеңес береді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз