Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

Биыл Жамбыл облысында 2 мыңнан аса ауыл тұрғыны өз кәсібін бастады. Ақпан айына дейін тағы ұсыныс берген осынша тұрғынға қаржы беріледі.

Қазір «Ауыл аманаты» жобасының шапағатын сезініп отырғанымен, бұл азамат қадамын ертеректе бастап кеткен. 2022 жылы 583 мың теңгеге қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, оған бір ғана түспен құмды блок шығаратын құрылғы сатып алған. Сол кездің өзінде тәулігіне 900 дана құмды блок шығарып отырыпты. Ал, биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайызбен 5 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, бірнеше түспен блок шығаратын құрылғыларды сатып алған. Қазіргі таңда цехтың өнім өндіру көлемі ұлғайған. Тәулігіне 2000 данаға жуық түрлі түсті құмды блок кірпіш шығаруға қауқарлы. Бұл цехта 6 адам тұрақты жұмыс көзімен қамтылып отыр. Цехтың жұмысшысы, өзбек жігіті Абдірахман Ахметжанов: «Біздің жұмыста жұмысшыларға жақсы жағдай жасалған. Жалақымыз уақтылы, түскі асымыз тегін. Үздік жұмыс істегендерді де ынталандырып отырады», – дейді.

Мұнда жұмыс жеңіл емес. Дегенмен, бір жолға қойылып келеді. Мәселен, 8 сағаттық жұмыс кестесі қатаң сақталады. Кірпіш блоктың бағалары әртүрлі. Мәселен, бір түсті кірпіштің бір данасы 200 теңге болса, қоңыр, қызыл, қара түсті бір дана құмды блоктың бағасы 400 теңге. Әр кірпіштен 75 теңге таза пайда қалса, тәулігіне 150 мың теңге таза табыс бар деген сөз.

Бұл құмды блок цехы Шу ауданын сапалы өнімдерімен қамтып отыр. Қазір көршілес Қордай ауданынан да Жақсылықтың цехын іздеп келіп, кірпішке тапсырыс беретіндер көбейді. Бұл құмды блок цехында екі техника бар. Олар да ертелі- кеш кірпіш тасымалдап, тыным таппайды. Өндіріске қажетті құмды карьерден алып, өнімге қажетті цементке де дер кезінде тапсырыс беріп отыр. Карьерді қазу, оны қазу үшін рұқсат алу деген жұмыстар да жеңіл емес. Табыс жолы қиындықсыз келмейді. Мұны әр кәсіпкер жақсы түсінеді.

Жақсылық Болатұлы – жас кәсіпкер. Дегенмен, бұған дейін бірқатар жолдардан өткен. Жиырма жасында Көкшетаудағы әскери училищені бітіріп, 10 жыл бойы әскери қызметте болды. Тараз қаласы, Отар стансасының әскери бөлімшелерінде жұмысын мінсіз атқарып алғысқа бөленді. Бірақ, ауылда қалған анасының жағдайын көп ойлай беріпті. Сөйтіп, 10 жылдық қызметтен соң, келісімшартты әрі создырмай, ауылға оралып кәсіпкерлікке ден қойыпты. Әкесі Болат Несіпбаев та құқық саласында қызмет етіп, 1998 жылы өмірден озған екен. Ол кезде Жақсылық бар болғаны 7 жаста болатын. Анасы Маржан бағып-қағып жеткізді. Сондықтан, туған жерге қайтып, жеке кәсібін жолға қоюды дұрыс деп шешті. Екі бауыры бар. Қазіргі таңда олар тұрмыста.

– Сондықтан осындай шешім қабылдадым. Оған ешқандай өкінбеймін. Ең бастысы – анамның қасындамын. Жұмысымды жолға қойып келемін. Қазіргі таңда менің құмды блок цехымды облыс және аудан әкімдері жиі келіп көріп, жұмысымызға жоғары бағасын беруде. Анам 53 жаста, мейірбике болып еңбек етеді. Күн сайын тілеуімді тілеп, батасын беріп отырады. Ол кісінің мен ауылға келгелі көңілі тоқ. Біз үшін барлық қиындыққа шыдаған анашымды еш ренжіткім келмейді. Ал, құмды блок цехыма келсем, бұл күнде тапсырыс берушілер көлемі артып отыр. Алдағы уақытта қаржының мүмкіндігі болып жатса, цехымды үлкейтсем деген ойым да бар. Ал, әр ауылға келіп жатқан «Ауыл аманаты» жобасының халыққа тиімділігі өте көп. Оны сезініп отырмыз, – дейді Жақсылық Несіпбаев.

Байзақ ауданындағы Кеңес ауылының халқы, биыл «Ауыл аманаты» жобасының шапағатын көреді. Елді мекендегі 206 тұрғын 2,5 проценттік жеңілдетілген несие алуға өтініш берген. Бүгінде олардың басым бөлігі көмек қаржыны алып кәсібін бастап кетті. Солардың бірі - Доскен Күсемісов. Ол бұған дейін мал шаруашылығымен айналысып,шағын азық түлік дүкенін жүргізген. Енді ауылдан көлік жуу орны мен шаштараз, монша және құрылыс заттар дүкенін ашпақ. Тұрғын кешеннің құрылысын өз ақшасына салып, құрылғысын алуға 6,5 миллион теңгеге сұраныс берген. Енді бизнесін бір апта ішінде іске қосып, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. - Болмайтын заттар болады, прастиковый трубалар. Бағасы 100 теңге. Оны қалаға барып алу үшін 1000 теңгеге бензин құясыз. Осы жерден ауылдан ыңғайлы болсын деп осы жерден ашып жатырмыз құрылыс дүкенін. Бағдарлама тиімді болып тұр. Пайызы төмен. Каникулы бар екен  жыл. Ауыл аманаты жобасы Жамбыл облысында пилоттық жоба ретінде 2019 жылы басталды. Бүгінге дейін 57 ауылдық округке көмек қаржы беріліп, 6 мың ауыл тұрғыны өз кәсібін бастады. Тиімділігін дәлелдеген жоба, алдағы жылдары өзге ауылдарда да жалғасады.

  • 11 миллиардқа биыл бізде 2 мыңнан астам кәсіпкерлік орындары ашылды. Қалған 12 миллиадқа келген ақшадан да тура сол 2 мыңнан аса кәсіпкерлік орындар ашылады деп күтудеміз. Негізі келесі жылға да 20 милииард сұрадық. Басқа аудандық округтерге де береміз деп Ауыл тұрғындарының әрбірінде жер телімі бар. Бірақ сол алқаптарды игеру үшін ауылшаруашылық техникасын алуға шамасы жете бермейді. Мәселені шешу үшін, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы шағын шаруашылықтарды біріктіріп кооператив құруда. Нәтижесінде орларға жаңа техника алу үшін жеңілдетінген қаржы береді.

Кәсіп бастағандардың бірі Жамбыл облысының тұрғыны Сабыркүл Сіргелбекова орта жасқа келгенде тігіншілікті үйреніп, нәпақа тауып отыр. Ол құрақ құрап, ұлттық бұйымдар жасайды. Аз уақытта қолтаңбасын қалыптастырып та үлгерді. Меркі ауылының тұрғыны Сабыркүл Сіргелбекова 45 жасқа дейін түрлі салада жұмыс істеген. Бірақ бала арманы - тігіншілікті қолға алу көкейде жүрген арманым еді, - дейді. Ақыры бел шешіп, 4 жыл бұрын тігін тігуді бастап кеткен. Аз уақыт ішінде ауданға танымал болып, «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрмеде топ жарып үлгерді. Қазір жұрттан тапсырыс алып, нәпақа тауып отыр. Сабыркүл Сіргелбекова, тігінш: - Ол кезде мынандай көрпеге қанша метр мата аламын, қанша, қалай есептеуді білмеймін. Бірақ соқыр көзбен бастап кеттім. Ютубтан қарадым, одан соң негізінде анам құрақ құрайтын ғой. Анамнан қалғаны бар. Сосын жаңа желіден қарадым, құрақ құрап жатқан кісілердің жұмыстарын қарадым. Сөйтіп сөйтіп ары қарай алып кеттім. Жамбыл облысында өз кәсібін бастағандар көбейіп жатыр.  Биылғы есеп бойынша, аймақта  108 мыңнан аса шағын және орта бизнес нысаны бар.   Бұл былтырға қарағанда 30 процентке артық. Кәсібін кеңейтем деген кәсіпкерлерге мемлекеттен қаржылай қолдау қарастырылған. Тұрсынбек Ислам, облыстық кәсіпкерлік  басқармасы бөлімінің бас маманы: - 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бар. 23,2 миллиард теңгені құрайтын 1049 жобаға қолдау көрсетіп отырмыз қазіргі таңда. Пайыздық ставканы субсидиялау тетігі бар. Грант береміз қайтарымсыз 5 млн тг жаңа бизнес идеяларға. Инфрақұрылым өткізу бар кәсіпкерлерге және кредиттік қарыздық лизинг бойынша тетігіміз бар. Сабыркүл Сіргелбекова алдағы уақытта тігін үйірмесін ашып, жастарға ұлттық өнерді үйретсем дейді. Оған қоса ағаштан бұйым жасауды жоспарында бар. Сол үшін ауласына шетелдік павловния талын жерсіндірген. Аймақта малды асылдандырумен айналысатын тұрғын да бар. Айтуынша, асыл тұқымды төлден жылына 35 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады. Ақтоған ауылының тұрғыны бұл кәсіпті 6 жыл бұрын бастаған. Нұрбек Құлбаев Ақтоған ауылындағы спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы. Деседе малсақ жан, бос уақытында ұсақ малды асылдандырумен айналысады. Ол 6 жыл бұрын жиған ақшасына Қырғызстаннан асыл тұқымды қошқар алған. Бүгінде сол бір бас түліктен 300 төл өргізіпті. Нұрбек Құлбаев, шаруа: - Енді бұл кәсіп те бізге алыс емес. Менің өзімнің атам да озат шопан болған кезінде. Соны енді ата кәсіпті ары қарай жалғастырайық деп қазір мына ұлдарымды осы еңбекке баулып келе жатырмын. Ары қарай жалғастырумыз керек. Ауыл тұрғыны қазір «Арашан» қошқарын көбейтіп отыр. Аталған тұқымның бойы бір метрден асып, салмағы 200 келіге жетеді. Ал тұқым алу үшін алпыстан аса аналық қой ұстайды.  Шаруаның ендігі мақсаты ірі қожалық құру. Нұрбек Құлбаев, шаруа: - Мақсат – сойып сату емес, асылдандырумен айналысамыз. Бізден ары қарай сол еркек төлдерін көбейтуге алып кетіп жатады.  Бір жылда 40-50 қозы алсақ оның бәрі мықты болып кетпейді. Бағалары бір екі мың, екі жарым, үш мың долларға сатылып жатады. Облыста 350 мың бас асыл тұқымды қой өсіріп отырған 425 шаруашылық бар. Ал ірі қараны селекциялаумен айналысатын 71 қожалық тіркелген. Ауыл шаруашылығы басқармасынының мәліметінше оларға жылда мемлекеттен  көмек беріледі. Нұрсұлтан Ақжолов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: - Мүйізді ірі қара малы отандық болатын болса – 150 мың теңгеден. Еуропа елдерінен сатып алатын болса – 300 мың теңгеден. Отандық асыл тұқымды қой болатын болса оған 15 мың теңгеден субсидия қарастырылған. Және де басқа мемлекеттерден сатып алатын болса 30 мың теңге мемлекет тарапынан субсидия қарастырылған. Бүгінде облыста қой саны 3 жарым миллион басқа жуықтайды. Ал мал шаруашылығын қолдау үшін биыл республикалық бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлінді. Аймақта 2600 шаруашылық осы көмек қаржыға қол жеткізді. Келесі кейіпкер Ерсінбек Үсіпбектің омарта шаруашылығымен айналысқанына 6 жыл. Аз уақытта кәсіптің көзін тауып, тіпті бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Сарыкемер ауылының тұрғыны Ерсінбек Үсіпбектің негізгі мамандығы инженер механик. Оған қоса құқықтану саласы бойынша жоғары білімі бар. Оқу бітірген соң бірнеше жыл мамандығы бойынша қызмет еткен. Бірақ кейін 3 атадан келе жатқан омарташылық кәсіпке оралыпты. Бүгінде ауласында 100 бал сандығы бар. Ерсінбектің сөзінше, еңбек етуге келгенде адамдардың бал арасынан үйренері көп. Ерсінбек Үсіпбек, омарташы: - Аналық аралар бұл жердегі ұядағы қызметі олар ұрпақты-ұрпаққа жалғастырып, осы ұяны басқарады. Олар 3 жылға жуық өмір сүреді. Аналық ара бір күнде 1200-2000 таяқша тастайды. Өзінің ұрығы тасталынады. Ал жұмысшы аралар бар жоғы 45 күн өмір сүреді. Олар жаңағы 21 күнде дүниеге келеді. Олардың қызметі осы ұяның күндізгі жинаған балдарын соны түнімен өңдейді. - Мына бір бал сандықта қазір 10 мыңға жуық бал арасы бар. Сәуір-тамыз айлары арасында, яғни бал жинау маусымында олардың саны 20 мыңға жуықтайды. Сол аралықта бұл бал аралары 50-70 келі аралығында өнім береді екен. Маусымында жақсы өнім жинау үшін бал арасының бабын табу қажет, - дейді шаруа. Желіп жүріп жаятын жер табу,  кенеге қарсы дәрмегін беріп, қыс мезгіліне дайындау омарташының міндеті. Ал 30 жылдық тәжірибесі бар Талғат Исмаилов жергілікті ара тозады, - дейді. Сондықтан селекциялық асылдандыру жұмыстарын уақытылы жүргізіп отыру қажет. Талғат Исмаилов, омарташы: - Ресейден Германиядан Украинаның Мукачева  деген қаласынан аламыз. Карпатка, карника бафаст деген тұқымдарын аламыз. 40 мың 50 мың теңге тұрады мысалы үшін бір аналықты сатып алу үшін. Оны әкелгеннен кейін ол адам бола ма болмай ма, сондықтан 4-5 тен сатып аламыз. Бал арасын асырау кәсібі аймақта енді дамып келеді. Өңірде 52 омарташы бар. Олардың 38-і былтыр мемлекеттен 65 миллион теңге қаржылай қолдау алған. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Нұржан Мұқашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: - Биылғы жылға да сол деңгейде қаржы қойылып отыр. Өйткені барлық 52 омарташы толық өтінім бермейді. Оның жаңағы мемлекеттің қолдауға ұсыныс беріп отырған шегінде қаражат жылда қоямыз. Негізінде оның саны артып өтінім саны ұлғайып жатса біз қаржысын ұлғайтуға толық мүмкіндік бар. Облыстағы омарташылар кәсібін атадан балаға үйрету арқылы жалғастырып келеді. «Олардың бір тілегі, ауыл шаруашылығы бағытындағы оқу орындарында бал өндіру бағытын оқытса», - дейді.

Жуалы ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің құрамына Бәйтерек, Жаңаталап, Ақтоған және Күркіреусу ауылдары кіреді. Округте жалпы 2 мың 636 тұрғын бар болса, оның 626-сы жастар. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында биыл Бәйтерек ауылында тұратын тұрғынның үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша құны 82 миллион теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылып, тұрақты сегіз жұмыс орны ашылған. Одан бөлек, балық шаруашылығын дамыту бағытындағы 2022-2025 жылдарға арналған бағдарлама аясында осы жылға «Бағдат» шаруа қожалығының базасында құны 67 миллион теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толыққанды жүргізілуде. Мұнда осы жылдың мамыр айында 160 мың дана шабақ жіберілген. Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Көбейсін Хайралапов ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында баяндады.

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында жіберілген әрбір шабаққа 15 теңге субсидия төленетін болады және құжаттарын рәсімдеуге көмек берілуде. Сонымен бірге, жеке кәсіпкер Талғат Тойшыбеков Жаңаталап ауылынан балаларға арналған еркін күрес спорт залын салса, жеке кәсіпкер Айжамал Айдаралиева округ тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Бәйтерек ауылынан наубайхана және азық-түлік дүкенін ашқан.

– Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша айтар болсақ, Бәйтерек ауылындағы бірнеше көшеге орта жөндеу және күн сәулесінен қуат алатын көше жарықтарын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, су тасқынының алдын алу мақсатында ауылдық округтегі ауылішілік дренаждарды механикалық тазалау жұмыстарын, су реттегіш және көпірлерді орнату үшін 20 миллион теңге қаралып, бұл жұмыстар жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы жылы Күркіреусу елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құны 20 миллион теңге тұратын жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, – дейді Көбейсін Есқалиұлы.

Ауылдық округ әкімінің сөзіне сүйенсек, биыл сүт бағыты бойынша 3 миллион 100 мың теңге субсидия алынса, мал шаруашылығын асылдандыру бағыты бойынша 1миллион 800 мың теңге қаржы алынған. Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласындағы егін және мал шаруашылығы едәуір дамып келеді. Округте қазіргі таңда 97 шаруа қожалығы бар. Ал, егістік жердің көлемі 12 мың 178 гектарды құрайды.