Жаңалықтар
Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 30 маусым, 2023
- 224
Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі анықталды
Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сілтеме жасап.
«28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.
Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.
Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз