Жаңалықтар

Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі анықталды

Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі анықталды

Жамбыл облысында 2 вагон контрабандалық темекі тәркіленді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сілтеме жасап. «28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады. Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген. Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.