Жаңалықтар
Жамбыл облысында 20 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 26 пайызға өсті
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2021
- 257
Жамбыл облысында 20 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 26 пайызға өсті
2020 жылы Жамбыл облысы коронавирус пандемиясының салдарына қарамастан экономиканың негізгі салаларында өсімге қол жеткізе алды. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты.
- Біз барлық қиындықтарды бірге еңсеріп келеміз. Мемлекет басшысының қолдауының және жерлестеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында экономика 102,2 пайызға өсті. Өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3,1 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,1 пайызға артты. Ал, тұрғын үй құрылысының көлемі 28,2 пайызға өсіп, 344,1 миллиард теңге инвестиция тартылды, - деді Бердібек Сапарбаев.
Өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарымен 505 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.
Инфляция деңгейі 7,3 пайызды құраған. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 4-6 пайыз аралығына төмендету үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Бұл міндетке қол жеткізу мақсатында нақты іс-қимыл жоспары құрылған.
- «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында жұмыстарды күшейте түсетін боламыз, әлеуметтік павильондар желісін кеңейтіп, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізуді жалғастырамыз, - деді Б. Сапарбаев.
Өткен жылы жұмыс орындарын сақтауға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жұмысшылар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға айрықша назар аударылды. Жамбылдық 4508 кәсіпорын басшылығымен тиісті меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде 41 жеке кәсіпорындағы 19,4 мың жұмысшының орташа жалақысы 26 пайызға көтерілді.
- Әлбетте, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әрі қарай да үйлесімді жұмыс жасап, жаңа белестерді бағындыратын боламыз, - деді Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарға.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024