Жаңалықтар
Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады
- авторjambylinfo.kz
- 17 маусым, 2021
- 217
Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады
Жамбыл облысы Саудакент ауылында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады.
Оқ тиген 20 мен 24 жас аралығындағы жігіттер Сарысу аудандық ауруханасына жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ауыл жастарының арасында тектірес болған. Кикілжіңнен кейін күдікті бір топ жігітті 16-шы калибрлі қарумен жайратып салған. Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген. Оқ екеуінің аяғын, біреуінің ішін жаралаған. Үшеуі қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала