Жаңалықтар

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

The final spritzer

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

Жамбыл облысы Саудакент ауылында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады. Оқ тиген 20 мен 24 жас аралығындағы жігіттер Сарысу аудандық ауруханасына жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ауыл жастарының арасында тектірес болған. Кикілжіңнен кейін  күдікті бір топ жігітті 16-шы калибрлі қарумен жайратып салған. Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген. Оқ екеуінің аяғын, біреуінің ішін жаралаған. Үшеуі қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.