Жаңалықтар

Жамбыл облысында 57 лауазымды тұлға жолдарды дұрыс күтіп ұстамағаны үшін жауапқа тартылды

The final spritzer

Жол  мекемелерінің басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты 668 ұйғарым жіберілді.

Жамбыл облысында 57 лауазымды тұлға автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың 2 айында жол-техникалық инспекциясының  қызметкерлері ұзындығы 5 мың шақырымға жуық жалпыға ортақ пайдаланылатын көлік жолдарына 668 тексеру  жұмыстарын жүргізді. 

Тексеру барысында облыстың автожолдарында 2709 ақау анықталған.

Жамбыл облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясының бастығы Азамат Бақытұлы атап өткендей, жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 57 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар, жол-техникалық инспекциясының қызметкерлерімен берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жауапты жеке мердігерлік мекеменің лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.