Жамбыл облысында 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылады
Жамбыл облысында 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылады
Ағымдағы жылдың соңына дейін Жамбыл өңіріндегі 163 елді мекен жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, ауылдық елді мекендерді «талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасына» сәйкес 74 елді мекендегі 183 мемлекеттік мекеме талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылатын болады. - Бүгінгі таңда 367 ауылдық елді мекеннің 135-і жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен, 62-сі 2G, 170-і 3G төмен жылдамдықты интернетпен қамтылған. 2022 жылғы жоспар бойынша жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен 163 елді мекен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда, «Кар-Тел» ЖШС жалпы 60 елді мекеннің 38-інде 4G-мен қамту жұмыстары аяқталды. Жоспардан тыс, Байзақ ауданы Ақжар ауылын, Жуалы ауданы Кәріқорған ауылын және Қаратау қаласының бір бөлігін 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етті. 22 елді мекеннің 11-де 3G-мен қамту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Кселл» АҚ-мен жалпы жоспарланған елді мекен саны – 27. Оның ішінде, 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етуге жоспарлаған 16 елді мекеннің барлығында жұмыстарды аяқтады. Ал, 3G мобильді байланысымен қамтамасыз етуге жалпы жоспарлаған 11 елді мекеннің 7-де жұмыстарды аяқтады, - деді Ерболат Ибрайханов.