дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды

Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Жамбыл облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандарының қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өңір тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді. Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Құлназаров Б.Н., Бекбосынов Е.Т., Садыкова Ж.Ә.,  Анарбаев Қ.С. тартылды. РАТТ мүшелерінің қатысуымен Тараз, Шу қалалары, Шу, Қордай аудандары, Төле би, Мойынқұм, Масаншы, Сортөбе ауылдарының жастар ресурстық орталығының жастары, өңірлердегі полиция бөлімі, аурухана, мәдениет үйлері мен кітапхана қызметкерлері, мешіт жамағаты және т.б қатысушылар арасында семинарлар және кездесулер өтті. Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді. Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар