Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды
Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Құлназаров Б.Н., Бекбосынов Е.Т., Садыкова Ж.Ә., Анарбаев Қ.С. тартылды. РАТТ мүшелерінің қатысуымен Тараз, Шу қалалары, Шу, Қордай аудандары, Төле би, Мойынқұм, Масаншы, Сортөбе ауылдарының жастар ресурстық орталығының жастары, өңірлердегі полиция бөлімі, аурухана, мәдениет үйлері мен кітапхана қызметкерлері, мешіт жамағаты және т.б қатысушылар арасында семинарлар және кездесулер өтті. Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді. Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.