Жамбылда алғашқы мопед заңды түрде тіркелді
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
Тараз қаласында ресми түрде алғашқы мопед тіркелді. Облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді тек полицияда тіркеуден өткізіп, A1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеріс пен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру болған жағдайда ғана пайдалануға болады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті мопед иелеріне оларды қазірден тіркеп, жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға қажетті санат бойынша авто-мектептерде оқуды ұсынады. Қосымша сұрақтар бойынша сағат 09:00-ден 19:00 арасында 8 (7262) 99-76-46 телефонына хабарласуға болады.