Жаңалықтар
Жамбыл облысында алдағы күндері үсік пен тұман күтілуде
- авторjambylinfo.kz
- 10 қазан, 2022
- 236
Жамбыл облысында алдағы күндері үсік пен тұман күтілуде
Жамбыл облысында 11 қазанға арналған ауа райы болжамы:
Облыс бойынша: жауын-шашынсыз. Түнде таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус үсік, күндіз 15-20, таулы аудандарда 12 градус жылы болады.
Ал Тараз қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 18-20 градус жылы болады.
2022 жылдың 12-13 қазанға ауа райы болжамы
Жауын-шашынсыз. Түнде 12 қазанда таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 3 градус үсік, күндіз 17-22, таулы аудандарда 14 градус жылы, 13 қазанда түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 1 градус үсік, күндіз 20-25, таулы аудандарда 17 градус жылы болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз