Жаңалықтар

Жамбыл облысында алдағы күндері үсік пен тұман күтілуде

Жамбыл облысында алдағы күндері үсік пен тұман күтілуде

Жамбыл облысында 11 қазанға арналған  ауа райы болжамы: Облыс бойынша: жауын-шашынсыз. Түнде таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус үсік, күндіз 15-20, таулы аудандарда 12 градус жылы болады. Ал Тараз қаласында:  көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 18-20 градус жылы болады. 2022 жылдың 12-13 қазанға ауа райы болжамы Жауын-шашынсыз. Түнде 12 қазанда таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 3 градус үсік, күндіз 17-22, таулы аудандарда 14 градус жылы, 13 қазанда түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 1 градус үсік, күндіз 20-25, таулы аудандарда 17 градус жылы болады.